Қонаев қаласының еріктілері Рим-католик шіркеуінің жанындағы қайырымдылық орталығына барып, тәрбиеленушілерімен кездесті. Бұл жақында құрылған «Адалдық» клубының алғашқы игі шарасы. Бұған дейін ұйым мүшелері жалғызбасты қарияларға жәрдемдесіп, алғысын алған еді. Енді балаларға қамқорлық танытып, қайырымдылық концертін ұйымдастырып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.