Ата-аналар назарына! Егер балаңыз биыл мектеп табалдырығын аттайтын болса, онда асығыңыз. 1 сәуірден бастап мектепке құжат қабылдау басталады және 31 тамызға дейін жалғасады. Өтінімді электронды ЕГОВ порталы арқылы да беруге болады. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше «Бала денсаулығының медициналық паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ.