Алматы облысында онлайн платформа арқылы 140 мыңға жуық оқушыға психологиялық тест жүргізілді. Нәтижесінде 1073 бала жоғары тәуекел тобына жататыны анықталған. Демек олар білікті маман көмегіне мұқтаж. Сондықтан «Жанұя отбасын қолдау орталығы» мен білім басқармасы бірлесіп, педагог-психологтар мен тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілерге арнайы семинар өткізді.