Алматы облысында 200-ге жуық азамат аудан әкімдерінің қабылдауында болды. Қоғамдық қабылдау 9 ауданда да өткен. Бұл туралы «АMANAT» партиясының өңірдегі баспасөз қызметі хабарлады. Әр аймақтағы халықтың көтерген мәселесі ортақ. Баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу және әлеуметтік мәселелер төңірегінде.