2024 жылдың алғашқы күнінде Жетісу облысында 6 сәби дүние есігін ашты. Перзентхана қызметкерлері биылғы мерекені дәстүр бойынша жұмыс орнында қарсы алды. Шақалақтардың аналарын облыстық мәслихат депуттары арнайы барып құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.