2029 жылға дейін 1 млн-ға жуық жас жұмыспен қамтылады. Елімізде 5 млн 800 мыңға жуық жас бар. Оның 3 жарым млн-ға жуығы жұмыс істейді. Жоспар бойынша 2029 жылға дейін 1 млн-ға жуық жас жұмыспен қамтылады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы айтты. Қайрат Қамбаров Жетісу өңіріне арнайы келді. Ол іс-сапар барысында жастар саясатының жүзеге асырылу барысымен танысты.