2030 жылға дейін Алматы облысы толықтай сұйық отынмен қамтылады. Бұл туралы Қарасай ауданында өткен облыстық мәслихаттың көшпелі отырысында мәлім болды. Тұрақты комиссия отырысында депутаттар энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс, архитектура саласы бойынша жауаптыларды тыңдады. Өзекті мәселелерді ортақ талқыға салды.