Жаңа орталық – мол мүмкіндік. Кеген ауданында Алматы облысы бойынша тұңғыш рет «Жастар ресурстық» орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы барып қатысты. Әрі өңірдегі бір қатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.