Ақылы жолдардың тарифі бекітілді. Бұл қатарда Нұр-Сұлтан — Павлодар, Қапшағай — Талдықорған, Тараз — Қайнар, Шымкент — Тараз, Шымкент — Қызылорда, Шымкент — Ташкент және Щучье — Көкшетау бағындағы транзиттік трассалар бар. Енді күре жолдарда қатынау құны ең арзаны 100 теңге болса, ең жоғары төлем 7350 теңге. Ал, алдын ала төлем жасасаңыз жол ақысында жеңілдік бар.