Алматы облысында 97 адвокат азаматтарға тегін кеңес беріп, мәселелерін шешуге көмектеседі. Тек асыраушысынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, зейнеткер сынды таңдаулы топтарға жататындарға ғана бұл қызмет ақысыз көрсетіледі. Бұл туралы Балқаш ауданында өткен жиында Әділет департаментінің өкілі мәлімдеді.