Қол күрестен ардагерлер арасындағы әлемнің 3 дүркін чемпионы жасөспірімдерді тегін жаттықтырып жүр. Әбдуәли Тастанов бапкерлікке берілгені сонша ерекше күтімдегі шәкіртін спортзалға арқалап кіргізеді. Алпыстың асқарына шыққан спорт ардагерінің өзі де аптасына төрт күн ауыр темірлерді көтеріп дайындық жасайды.