Өткен жылы Жетісу облысының экономикалық өсімі 117,4 пайызға жеткен. Бұл көрсеткішпен Республика бойынша бірінші орынға тұрақтады. Ал екінші үшінші орында Алматы қалысы мен Атырау облыстары тұр. Бұл туралы облыс әкімнің орынбасары Әсет Қанағатов жетісулық кәсіпкерлермен кездесуінде айтты.