Алакөл ауданындағы Достық ауылында Халықаралық көлік-логистикалық орталығы ашылды. Бұл нысан Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік рәсімдеуді күтіп қалмауын көздейді. Сонымен қатар Орталық Азия және Еуропа елдеріне жөнелтілетін транзиттік тауар ағынына үлкен серпін береді деп жоспарланған. Ауқымды жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 120 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр.