Алматы облыстық сотының төрағасы тағайындалды. Бұл қызметті енді Талғат Ибрашев атқарады. Ол бұған дейін Торғай облыстық сотының аға кеңесшісі, Қостанай облыстық сотының судьясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметін атқарған. Жаңа төрағаны таныстыру үшін ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы келді.