Алматы облысы аумағында жол- көлік оқиғасы көбейді. Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында 82 көлік апаты тіркелді. Негізгі себеп жылдамдықты асырып, ережеге қайшы әрекетке бару. Сонымен қатар, мас күйінде автокөлік тізгіндеп, өзінің ғана емес өзгенің өміріне қауіп төндіретіндер де жетерлік.