Алматы облысы әкімінің кезекті іс-сапары Іле ауданында жалғасты. Өңір басшысы жергілікті халықпен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Сонымен қатар, түрлі сала бойынша аймақтың даму деңгейін баяндады. Тұрғындардың шағымын тыңдап, көкейдегі сұрағына жауап берді. Бұл жиынға басқарма басшылары, аудан әкімі мен бөлім басшылары қатысты.