Алматы облысында 10 күнде 16 тұрғын үйден өрт шықты. Бұл 12-22 ақпан аралығында тіркелген. Абырой болғанда қайтыс болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Дегенмен 6 адам ыстан уланып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қызыл жалынның жиі тұтану себебін, күн райының бұзылуымен байланыстырады. Баспананың жылуы қиындаған сайын тұрғындар өрт қауіпсіздік ережелерін жиі бұза түскен. Салдарынан көміртегі тотығымен улану жағдайлары көбейген. Төтеншеліктер: халық өртті сөндіруден гөрі, алдын алу маңызды екенін түсінсе — дейді. Сондықтан тыйым салынған заттарды қолданбауға кеңес береді.