Алматы облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 26 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Өңірдің 5 ауданында білім ошақтарын салу жоспарланған. Ең көбі Қарасай ауданында салынбақ. Себебі бұл ауданда 20 мың оқушы үшауысымды мектепте білім алуда. Пилоттық жоба аталған мәселені ретке келтіруге ықпал етері анық — дейді, аудандық білім бөлімінің қызметкері.