Республикада 1780 мониторингтік топ бар. Оның басым бөлігі Алматы облысында құрылған. Саны – 285. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 16, мегаполис Алматыда 33 мониторингтік топ жұмыс істейді. Соңғы айда тексерушілер кәсіпкерлік нысандарға 35 мыңға жуық рейд жасаған. Мұндай ақпаратпен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бөлісті.