Алматы облысында 2023-2024 жылдары 38 медициналық нысан салу жоспарланған. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыс жайы мәслихаттың бірлескен отырысында талқыланды. Мұнан өзге 7 мәселе қаралды. Негізгісінің бірі индустриялық аймақтардың даму барысы болды.