Алматы облысында алғаш рет көш-шеру ұйымдастырылады. Әз-Наурыз мейрамына арналған ауқымды шараға 2 мыңға жуық адам қатысады. Бұл туралы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы баспасөз брифингінде мәлімдеді. Айтуынша, шара барысында әр аймақ өзінің тарихи, мәдени ерекшеліктерін көрсетеді. 9 ауданның шеруі Қонаев қаласының оңтүстік кіреберісіндегі «Қар барысы» ескерткішінен басталады. Алматы және Жамбыл көшелерімен 2 шақырым жүріп өтіп, орталық алаңға келеді.