Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде мыңнан аса жоба жүзеге асты. Шалғай ауыл тұрғындары 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие рәсімдеп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Облыстағы ауыл тұрғындарын несиелендіруге 8,3 млрд теңге бағытталған. Жүзеге асқан жобалардың көбі мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Қыз жасауын жасайтын тігін цехтарын ашып, бие мен түйе сауып, ұлттық сусындарды дайындауменайналысып жатқан кәсіпкерлер де бар.