Алматы облысында ерекше балаларға арналған инклюзивті лагерь өз жұмысын бастады. 10 маусымда ерекше балалар мен жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған «All ability Camp» спорттық-мотивациялық лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 200 бала қатысады.