1 наурыздан бастап өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Алматы облысында өңірлік резервке 15 адам қабылданатыны белгілі болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның мақсаты — жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру. Аймақты дамытуға талантты жастарды тарту.