Алматы облысының екі ауданында өткен сайлау қорытындысы белгілі болды. Балқаш ауданының әкімі лауазымына 9 мың 779 дауыс жинаған Азат Құтпанбетов сайланды. Ал Жамбылда өткен сайлауда ең көп дауысты Нұрлан Ертас жинаған. Айта кетейік, қос ауданның басшылығына сайланған азаматтың екеуі де саяси науқанға «Аманат» партиясынан қатысқан. Аумақтық сайлау комиссиясының ақпарынша, бұл күні екі аймақты қоса алғанда 80 мыңға жуық тұрғын өз таңдауын жасапты. Оларға жалпы саны 100 сайлау учаскесінде 678 комиссия мүшесі қызмет көрсеткен. Сонымен қатар сайлауға түскен 6 кандидаттың 550-ге жуық сенімді өкілі мен байқаушылар қатысқан. Сондықтан, учаскелерде ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.