Алматы облысында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дерттің таралуы 0,7 пайызға төмендеген. Өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 14,3 процентке түсіп отыр. Десе де, соңғы жылдары балалар арасындағы аурушаңдық көрсеткіші бір деңгейде қалып отыр.