Алматы облысында заңсыз ауланған 530 келі балық тәркіленді. Сонымен қатар, ұзындығы 200 шақырымға жуық тыйым салынған балық аулау торлары тәркіленді. Балық қорына келтірілген алдын ала шығын көлемі 1 млн 200 мың теңгеден асты. Осыған байланысты қылмыстық істер қозғалды. Бұл Экология және ішкі істер министрлігінің қолға алған жұмыс нәтижесі.