Елді дүр сілкіндірген жер сілкінісі Алматы облысында 20 рет қайталанды. Олардың эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, Қырғызстан мен Қытай шекараларының аймағында болған. Облыс тұрғындарына сезілгені тек үшеуі ғана. Оның өзі 2 баллдан аспаған. Бұл туралы баспасөз алаңында өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.