Алматы облысында жол сапасына қатысты оқу –семинар өтті. Негізгі мақсаты — автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, жобалау және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстардың дұрыс әрі жүйелі жүргізілуіне ықпал ету. Кеңесте автомобиль жолдарын орташа жөндеу барысындағы ведомстволық сараптама жүргізу порталындағы мәселелер талқыланды.