Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев демалыс күндері Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарындағы су басу қаупі бар аймақтарды аралады. Бір ғана Бесағаш ауылында 3 қауіпті аймақ бар. Оның екеуі су басу бойынша, ал бірі топырақ көшкіні бар учаске. Талғар ауданында да қар көшкіні мен су басуы мүмкін аймақтар көп. Қауіптің алдын алу бойынша әкімге бірнеше ұсыныс айтылды.