Жер солқылдап, алматылықтар сең соққандай күйге түсті. 23 қаңтарға қараған түні алып мегаполисте магнитудасы — 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жұрт жапа-тармағай, үйлерін тастай далаға шықты. Үреймен терезеден секіргендер де бар. Жер дүмпуі кезінде түрлі себептермен 44 адам зардап шегіпті. Қираған, бүлінген ғимараттар жоқ. Қазір қалада жағдай тұрақты. Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен жедел бөлімшелер қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды.