Бүгін түнде Алматыда жер сілкінді. Ол оңтүстік астанадан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде болған. Негізгі ошақ Қырғыстан мен Қытай шекарасында тіркеліп отыр. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Алматыда 5, Алматы облысында 4, Шымкентте 2 балл дүмпу болды. Сондай-ақ, Астана, Шығыс Қазақстан, Қарағанды Жамбыл, Жетісу облыстарында да жер қозғалысы сезілген. Министрліктің тапсырмасына сәйкес, аталған өңірлерде дереу штаб құрылған.