Ел өңірлерінде «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі басталды. Білім сайысына Алматы облысынан 100-ден аса мұғалім қатысып жатыр. Олар 3 деңгейден тұратын тапсырма орындап, кәсіби білігін арттырады. Жеңімпаз атанған ұстаздар республикалық олимпиадаға жолдама алады.