Жас буынға ұлттық құндылықтар дәріптелді. Амал мерекесінде Жетісу жастар орталығында шағын шеберлік сабағы өтті. Шараның негізгі мақсаты— жеті түрлі дәмнен жасалатын ұлттық тағамымыз «Наурыз-көженің» қыр-сырын үйрету. Сондай-ақ, оның шығу тарихы мен құндылықтары түсіндірілді.