Тұрғындар өз таңдауын жасады. Заречный ауылында «Аманат» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс 34-ші конференциясы өтті. Басқосуда Қонаев қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерді жергілікті жұрт бір ауыздан қолдаймыз деп отыр. Ендеше қалалық мәслихаттағы бос орынға үміткер кім болмақ?