Оқу ағарту министрі Жетісу облысында. Ғани Бейсембаев іс-сапарын Панфилов ауданының педагогтерімен кездесуден бастады. Оған аймақтағы мектеп директорлары, мұғалімдер мен ардагер ұстаздар жиналды. Алда болатын оң өзгерістер жайлы естіп, көкейде жүрген сұрақтарын жолдады.