«Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?!». Қазақ поэзиясының Құлагері, ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына -130 жыл. Жыл басында бастау алған мерейтойлық шаралар бүгін туған өлкесінде жалғасын тапты. Ақсуда «Ілияс Жансүгіровтің мұрасы» атты ғылыми- конференция өтті. Басқосуға Алматы мен Талдықорғаннан ақын ұрпақтары, ғалымдар, ақын-жазушылар шақырылды. Игі іске ұйытқы — Жетісу облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы.