Бағасы шарықтап тұр. Қарасай ауданының Шамалған, Жандосов және Әйтей ауылдық округтерінің тұрғындары көгілдір отын бағасы қымбат деп наразылық танытып жатыр. Азаматтардың айтуынша «Сигма-Газ» компаниясы тарифтерді көтеріп, өз міндеттемелерін адал орындамай отыр. Осындай шағымдарды ескерген аудан басшысы мен прокуратура органдары жағдайдың мән жайын біліп, мәселені бақылауға алған.