Қаратал ауданында ауыл әкімдерін сайлау 2 ауылдық округте өтіп жатыр. Бастөбе ауылдық округіне қарайтын Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округіне жататын Кәлпе елді мекенінде. Бұл ауданда барлығы 6 кандидат тіркелген. Оның біреуі — әйел. Үш адам партиялар мен жоғарыдағы әкімдер тарапынан, қалған үшеуі — өзін өзі ұсынғандар. Ал дауыс беруші саны бес мыңнан асады. Айта кетейік, бұл Қаратал аймағының басты ерекшелігі — көп ұлтты. 43 этнос өкілі тұрады. Осы ретте болашақ ауыл әкімдеріне аудан тұрғындарының құқықтық, әлеуметтік, экономикалық мәселелері ғана емес, ұлт пен ұлыстар арасындағы ауызбірлікті сақтау жауапкершілігі тұр.