Қаратал ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы жаңарды. Мамандар жаңа қызмет көрсету үлгісіне көшкен. Ал мекеме ағымдағы жөндеуден өтті. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Ғимарат жаңғыртылып, біршама өзгерістер енген. Үштөбе қаласында орналасқан орталық күніне 300-ге жуық адамды қабылдай алады. Кеңседе әлеуметтік қамсыздандыру, тіркеу және жер кадастры мен халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмыс істейді.