Қатерлі ісік жазылмайтын дерт емес. Облыста онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скрининг жұмыстары жүйелі. Нәтижесінде қатерлі ісікке шалдыққандар арасындағы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Бұл туралы облыстық көпсалалы клиникасы директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Сондай-ақ, қатерлі аурудың алдын алу жолдары мен түсіндірме жұмыстарымен таныстырды.