Ауылды дамыту-басты міндет. Жетісу облысында «Ауыл аманаты» жобасы қарқынды. Осыған дейін бағдарлама арқасында 500-ге жуық бастама қолдау тапты. Өңірде болашақ кәсіпкерлерге көмек көрсететін консультативті орталық жұмыс істейді. Ондағы мамандар конкурсқа қатысушылардың жобасын қарап, есеп-қисабын шығарып береді. Көксулық тұрғындар да берілген мүмкіндікті пайдалануға тырысуда. 60-қа жуық тұрғын құжаттарын өткізіп, бүгінде оның 49 -ы мақұлданған.