Елімізде алғаш рет ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтіп жатыр. Алматы облысында аталған білім додасының аудандық кезеңі басталды. Оған өңір бойынша 9 мыңға жуық оқушы қатысады. Жеңімпаз атанғандары келесі деңгейге өтіп, алдағы уақытта өңір намысын қорғайды.