Алматы облысына қарасты 6 аудан мен 1 қалалық ауруханаға тұрғындардан 30-дан аса шағым түскен. Соңғы 2 айда азаматтар тазалықтың сақталмайтындығын, медициналық препараттардың жетіспеушілігі мен дәрігерлердің тапшылығын айтып наразылық білдіруде. Бұл деректерді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мониторинг барысында анықтады.