Биыл елімізде аутизмге шалдыққан балалар саны 40 пайызға артқан. Қазір республика бойынша 9 мыңға жуық науқас бүлдіршін тіркеліп тұр. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі баспасөз брифингінде айтты. Сөзінше, өңірдегі динамикалық бақылауда тұрған балалардың 25 пайызы да дәл осы дертпен ауырады.