Алматы облысында «Ауыл аманаты» жобасына бөлінген қаражат баяу игеріліп жатыр. Оған өтініш берушілердің құжаттарының толық берілмеуі, ескертулерді жоймауы себеп. Мұнымен қоса, елді-мекендерде түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз. Бұл туралы Алматы облыстық «Аманат» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия мен экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысында айтылды. Жиында «Ауыл Аманаты» жобасының іске асырылуы, қаражаттың игерілуі, көктемдік егістік науқанға дайындық жұмыстарының жай-күйі қаралды.