Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қожалықтарға берілетін несие жүктемесін азайту қажет. Оған қоса субсидия нормативтері қайта қарастырылуы керек. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алматы облысының шаруаларымен кездесуі барысында мәлімдеді. Айтуынша, мұндай жеңілдікке Алматы және Жетісу облыстарын қоса алғанда әзірге 20 адам өтініш берген.