Сыңғырлаған қоңырау емес, күмбірлеген күй. Алматы облысының Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы №19 мектеп қоңырау үнін күймен алмастырыпты. Мұндай жаңашылдықты білім ордасы ұжымы бастап, демеушілер қолдаған. Еріккеннің ермегі емес. Арнайы мақсаты бар. Жас ұрпақты ұлттық құндылықты бағалау, қазақ өнеріне құрметпен қарауға үйрету.