Биыл Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның шеңберінде 8 ауданда 59 денсаулық сақтау объектісі іске қосылады. Яғни, 5 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт жұмысын бастайды. Сондай-ақ, облыста 3 денсаулық сақтау нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров айтты. Ол баспасөз алаңында өткен жылға есеп беріп, биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.