Ауылшаруашылық министрі Алматы облысындағы ветеринарлар жұмысы сапасын сынға алды. Айдарбек Сапаров сібір жарасы шыққан Ұйғыр ауданында ветеринариялық қауіпсіздік бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бірқатар кемшілікті жіпке тізді. Жануарлардың қараусыз қалуы, уақытылы диагностикалық зерттеулердің жасалмауы, санитариялық сою талаптарының сақтамауы сынды мәселелер қаралды.